Науырзым қорығындағы өрт сөндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Науырзым мемлекеттік табиғи паркінде болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

«Қостанай облысында 500 гектарда даланың қурап кеткен шөбі жанды. Өрт сағат 02:10-да сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді», - дейді ТЖК ресми өкілі.

Бұрын хабарланғанындай, Қостанай облысының Ақбұлақ кентінен 15 шақырым жерде, далада және ішінара Науырзым мемлекеттік табиғи паркінің аумағында қураған шөп өртенген. Жалын желдің кесірінен жылдам таралды.

Өртті сөндіруге табиғи қорықтың 44 қызметкері және 14 техникасы, сондай-ақ облыстық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар