Науырзым қорығындағы өрт: КамАз жүргізушісі қаза болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Науырзым ауданында болған өрт салдарынан көлік жүргізушісі қаза болды. Бұл туралы бүгін журналистердің қатысуымен өткен брифингте облыстық ІІД қызметкері Арон Алматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Науырзым ауданындағы өрт орнында Қостанай облыстық ІІД жедел-із кесу тобы жұмыс жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт адамдардың абайсыздығынан болған.

«Қатты желдің әсерінен жылдам тараған өрт тасжолдың арғы бетіндегі құрғақ шөптерге тиген. Осылайша, жолдың екі жағыда өртенген. Бұл мезетте Буревестник ауылынан Аманқарағайға бидай тиеген екі жүк көлігі бет алды. Алдында келе жатқан «КамАз» жүргізушісі көліктен түсіп, жаяу кейін қарай жүреді. Түтін ішінде қалып қойған оны екінші «КамАз» көлігі, абайсызда соғып кеткен. Бұл адами фактор. Екі жүргізуші де бір серіктестікте жұмыс істеген», - деді Арон Алматов. 

Ауыр соққы салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Еске салсақ, төтенше жағдай кеше Науырзым ауданынан 15 шақырым жердегі Ақбұлақ ауылында болды. Салдарынан 500 га дала алқабы өртенді.

Соңғы жаңалықтар