Наурызда адамдар бір-біріне жақсылық, бірлік, ынтымақ, достық тілейді - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін орталық алаңға жиналған халықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде Наурыз мейрамы отызыншы рет өтіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбегі Өнер орталығының алдында «Наурызым -құт береке!» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Орталық алаңға шыққан ақтөбеліктерге Наурыз көже, бауырсақ, палау тегін таратылып, көшеге шыққан адамдардың бәріне тағам ұсынылды. Ал ағаш үйлерде көрме ұйымдастырылды. Алаңға шыққан ақтөбеліктердің облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып жатқанының бәрі тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз. Бүгін Наурыз мерекесін отызыншы рет тойлап отырмыз. Егемендігіміздің арқасында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Наурыз мерекесі мемлекеттік мерекеміз болып есептеледі. Наурыз мерекесін дүниежүзінде көптеген халық тойлайды. Бұл мерекеде бір-біріне жақсылық, бірлік, ынтымақ, достық тілейді. Арада болған араздық жойылып, татуласады, кешіреді. Жақсылығымыз, өсіп-өнуіміз Қазақстан халқы арасындағы бірлікке, ынтымаққа байланысты. Қыстан аман-есен шығып, жаңа жылды бастап отырмыз. Өткен жыл ақтөбеліктер үшін табысты болды. Елімізде саяси-қоғамдық тұрақтылық бар. Халқымыз бір-бірін қолдайды. Халық пен билік бірігіп, жұмыс істеп, өңір экономикасы өсіп, тұрмысы, жағдайы, әл-ахуалы жақсарып келеді. Осының бәрі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясатының арқасы деп білеміз»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
null 

Бұдан соң өңір басшысы «Бақытты бала» жылы мен Аналарға тағзым жобасының маңыздығын атап өтті. Балалар жылына орай биыл алаңдар салынып, спорт кешендері пайдалануға беріледі.

«Биылғы жылды «Бақытты бала» жылы деп атап отырмыз. Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы, гүлденуі, өсуі, ұрпақтарына байланысты. Балаларға барлық жағдайды жасайтын мүмкіндігіміз бар. Ата-аналардың, үлкендердің міндеті - балаларды заман талабына сай, өз замандастарынан кенде қалмайтын етіп тәрбиелеу. Ал «Аналарға тағзым» үйі бала борышының орындалуы деп түсінеміз. Бәріміз анадан жаралғанбыз. Аналардың алдында басымызды иеміз», - деді Бердібек Сапарбаев.
null 

Айта кетейік, облыс әкімі бүгін «Мен ақтөбелікпін», «Бақытты бала -Мәңгілік ел кепілі», «Туған жерге тағзым», «Рахани жаңғыру», «Наурыз -жыл басы», «Аналарға тағзым», «Астананың 20 жылдығы» атты жеті ағаш үйге кіріп шықты. 

Соңғы жаңалықтар