Наурыз мерекесіне талдықорғандық жастар ерекше тарту жасады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының жастары Наурыз мерекесінде қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше тарту жасады. Олар қала көшелеріне шығып, ән шырқап халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік акцияны қаладағы жастарға қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды. Шараға жоғары және арнайы орта оқу орындарынан 40-тан астам ерікті қатысты. Олар қала көшелерінде домбырамен ән айтып, күй шертіп халықтың көңілін аулады. Ұлттық киім киген жастардың бір тобы қоғамдық көліктерде халық әндерін шырқаса, енді бір тобы орталық көшелермен әндете жүріп өтті. Мұндағы басты мақсат барша жұртқа Наурыз мерекесінің келгенін сүйіншілеп, қуанышқа бөлеу, - дейді  облыстық жастарға қызмет көрсету орталығының директоры Бақтияр Жақсыгелдинов.

2 млн тұрғыны бар Алматы облысы халқының үштен бір бөлігін жастар құрайды. Олар мерекелер мен қоғамдық жұмыстарда осындай краетивті идеяларымен және белсенділігімен ерекшеленуге тырысып бағуда.

Соңғы жаңалықтар