Наурыз қарсаңында маңғыстаулық оқушылар сауапты іс жасады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданының оқушылары Наурыз қарсаңында мектеп ауласын ерекше әдіспен көғалдандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстаулық оқушылар жаңа бастаманы бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Олар өңірдегі барлық мектеп оқушыларын жасылдану жұмыстарына белсенді қатысып, жақсы іс жасауға үндеуде.

№12 мектептің 11 сынып оқушылары жаңа бастаманы қолға алған. Білім ошағын өздерінің  идеялары бойынша безендіріп, түрлі талдар отырғызған.

1 апта бұрын басталған сауапты іс «Менің жасыл мектебім» сайысы аясында өтуде екен.

null «Бұл мектеп оқушыларының, мұғалімдердің идеясы. Онда әр түрлі сайысқа қатысып, жеңімпаз атанғандарды марапаттап, келесі аптада өтетін шараларды жоспарлаймыз. Осы бастаманы айтқанымда, бәрі бірауыздан қолдай кетті. Қазір әлеуметтік желіге де тарап кеткен. Негізі әуел баста жарыс етіп ұйымдастырғанбыз», - дейді мектеп директоры Қайрат Титанов.

Сайыс келесі айда аяқталады. Үздік оқушылар арнайы марапатталады.

Айта кетейік, мектеп облыстағы өте ерекше безендірілген білім ошағының бірі. Мұнда сыныптарға дейін бөлме гүлдері қойылған.

null 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар