Наурыз мейрамы – Жер бетіндегі ең ежелгі мерекенің бірі. Оны Азия құрлығының көптеген халықтары Көктем мерекесі және табиғаттың жаңаруы ретінде бес мың жылдан бері тойлап келеді. Әлем елдерінде Наурызды тойлау қалай өтеді?
Ұлыстың Ұлы күніне орай «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі шетелдегі серіктестерінің суреттері жинақталған арнайы мерекелік фотожобаны ұсынады.
Әзербайжан
<!--Әзербайжанда Новруз мерекесін тойлау дастарханның байлығымен ерекшеленеді. «Хонча» тәттілер салынған табақ, бидай дәні – сэмэни, үйде пісірілетін нан – пахлава, шекербура мен шоргогал, боялған жұмыртқалар – бұның бәрі  мерекенің өзіндік белгісі саналады. -->Азертадж агенттігі
Әзербайжанда Новруз мерекесін тойлау дастарханның байлығымен ерекшеленеді. «Хонча» тәттілер салынған табақ, бидай дәні – сэмэни, үйде пісірілетін нан – пахлава, шекербура мен шоргогал, боялған жұмыртқалар – бұның бәрі мерекенің өзіндік белгісі саналады.
Башқұртстан
<!--Ежелгі салт-дәстүр бойынша, Навруз қарсаңында адамдар өз үйлерін, аулалары мен бақшаларын ретке келтіріп, қарыздарын қайтаруы керек. Башқұртстанда мерекелік үстелге әдетте бидай ұнынан пісірілген дөңгелек нандар, арпа, тары, жүгері және т.б. қойылады. Ең танымал мерекелік тағам сумаляк  - бидайдың өскен сабақтарынан әзірленеді.-->Башинформ агенттігі
Ежелгі салт-дәстүр бойынша, Навруз қарсаңында адамдар өз үйлерін, аулалары мен бақшаларын ретке келтіріп, қарыздарын қайтаруы керек. Башқұртстанда мерекелік үстелге әдетте бидай ұнынан пісірілген дөңгелек нандар, арпа, тары, жүгері және т.б. қойылады. Ең танымал мерекелік тағам сумаляк - бидайдың өскен сабақтарынан әзірленеді.
Иран
<!--Иран жерінде Новруздың ежелден келе жатқан дәстүрі белгілі бір рухани әрі жоғары мәнге ие болып, діни ілімдермен үндеседі. Осылайша, Жаңа жыл келгенде Құран оқу – ирандықтардың жаңажылдық дәстүрлерінің ажырамас бөлігіне айналған. -->IRNA
Иран жерінде Новруздың ежелден келе жатқан дәстүрі белгілі бір рухани әрі жоғары мәнге ие болып, діни ілімдермен үндеседі. Осылайша, Жаңа жыл келгенде Құран оқу – ирандықтардың жаңажылдық дәстүрлерінің ажырамас бөлігіне айналған.
Түркия
<!--Түркия дәстүрінде мейрамды тойлау барысында адамдарды жақсылық, бақыт, денсаулық шақыратын заттар қоршап тұруы тиіс. Невруз Байрамын мерекелеудің ең басты нышаны - киелі от. Бүгінде оның орнына фейерверктер қолданылады. Қазіргі Түркияда Невруз Байрамына орай фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді. -->Анадолу агенттігі
Түркия дәстүрінде мейрамды тойлау барысында адамдарды жақсылық, бақыт, денсаулық шақыратын заттар қоршап тұруы тиіс. Невруз Байрамын мерекелеудің ең басты нышаны - киелі от. Бүгінде оның орнына фейерверктер қолданылады. Қазіргі Түркияда Невруз Байрамына орай фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді.
Түрікменстан
<!--Түрікменстанда басты оқиға тау баурайындағы табиғаты тамаша «Nowruz ýaýlasy» алаңында өтеді. Ол жерде ашық аспан астында түрікмендердің дәстүрлі ауыл тіршілігін сипаттайтын үлкен экспозиция жасалады. Күн мен түн теңелетін көктемгі мереке жерге соқа салу күнтізбесімен тығыз байланысты. Бұл егіншіліктің, жаңа ауыл шаруашылығы жылының басталуын білдіреді.  -->ТДХ агенттігі
Түрікменстанда басты оқиға тау баурайындағы табиғаты тамаша «Nowruz ýaýlasy» алаңында өтеді. Ол жерде ашық аспан астында түрікмендердің дәстүрлі ауыл тіршілігін сипаттайтын үлкен экспозиция жасалады. Күн мен түн теңелетін көктемгі мереке жерге соқа салу күнтізбесімен тығыз байланысты. Бұл егіншіліктің, жаңа ауыл шаруашылығы жылының басталуын білдіреді.
Өзбекстан
<!--Әзербайжанда Новруз мерекесін тойлау дастарханның байлығымен ерекшеленеді. «Хонча» тәттілер салынған табақ, бидай дәні – сэмэни, үйде пісірілетін нан – пахлава, шекербура мен шоргогал, боялған жұмыртқалар – бұның бәрі  мерекенің өзіндік белгісі саналады. -->УЗА агенттігі
Жыл сайын наурыздың 20-сына таман Өзбекстанның барлық өңірінде үлкен қазанның айналасында күні-түні ән айтып, би билеген адамдарды көруге болады. Бұл мереке «Сумаляк сайли» («Сумаляк мерекесі») деп аталады. Ол халықты достыққа, бауырмалдыққа және ынтымақтастыққа шақырады.
Қырғызстан
<!--Қырғызстанда мереке күні үйді аршаның түтінімен аластап, тазалайды,  жеті түрлі дәм қойылған мерекелік дастархан жайылады. Бұл «жаңа жылда молшылық болсын» деген ниетті білдіреді. Алаңдарда мерекелік іс-шаралар, жарыстар, ұлттық спорт ойындары мен концерттер өткізіледі.-->Кабар агенттігі
Қырғызстанда мереке күні үйді аршаның түтінімен аластап, тазалайды, жеті түрлі дәм қойылған мерекелік дастархан жайылады. Бұл «жаңа жылда молшылық болсын» деген ниетті білдіреді. Алаңдарда мерекелік іс-шаралар, жарыстар, ұлттық спорт ойындары мен концерттер өткізіледі.
Қазақстан
<!--Наурыз ресми түрде 1991 жылдың 15 наурызынан бастап тойланып келеді.  Қазақ КСР Президентінің «Наурыз мейрамы» - халықтық көктем мерекесі туралы» Жарлығының негізінде 22 наурыз мереке күні болып жарияланды.  -->ҚазАқпарат агенттігі
Наурыз ресми түрде 1991 жылдың 15 наурызынан бастап тойланып келеді. Қазақ КСР Президентінің «Наурыз мейрамы» - халықтық көктем мерекесі туралы» Жарлығының негізінде 22 наурыз мереке күні болып жарияланды.
Яндекс.Метрика w3