НАТО Бас хатшысы КХДР-дың өңірлік тұрақтылыққа зиян келтіргенін мәлімдеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Пхеньянды ядролық қару мен баллистикалық зымырандарды әзірлеу бойынша бағдарламаларды толықтай тоқтатуға шақырды, сонымен қатар КХДР-дың өңірлік және халықаралық тұрақтылыққа зиян келтіргенін мәлімдеді, делінген сәрсенбі таратылған ақпаратта.

Солтүстік атлантикалық Альянс басшысының пікірінше, КХДР-дың ядролық сынағы өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке кері ықпал етеді. Сондай-ақ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарын ашықтан-ашық бұзу болып табылады.
НАТО бас хатшысы КХДР-ды халықаралық міндеттемені толық көлемде орындауға, ядролық қару мен баллистикалық зымырандарды әзірлеу бағдарламасын толықтай тоқтатуға, Корей жарты аралын ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөздер бастауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар