National Geographic Бозоқ қалашығына қызығушылық танытып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны, блогер Виталий Перов бір жыл бұрын көне Бозоқ қалашығын видеоға түсірген. Бұл видеоматериалды National Geographic Ресей журналы жариялады.

Көне Бозоқ қаласы  Астанадан бес шақырым жерде, Астрахан трассасы бағытында орналасқан. Оның аумағы 30 гектарды құрайды.

Зерттеушілер Астана Бозоқ қаласының орнында бой көтерген деп санайды. Бұл жаңалық Астананың тарихы туралы мәліметтерді өзгертіп жіберді. Өйткені бұрын бұл өңір мал шаруашылығының орталығы деп есептелген.  

Қалашық үш алаңнан тұрады. Олардың өлшемдері 35x35 м, оларды шартты түрде «кварталдар» (орамдар) деп атаған. Айналасында ор мен  жер үйіндісі бар. Үш алаң орталығынан кірпіш кесенелердің бөлшектері, сонымен қатар адамдар мен жануарлардың қабірлері табылды.  Ғалымдардың пайымынша,  Бозок Ұлы Жібек жолындағы заставалардың бірі болып, діни функцияны да атқарған.

Соңғы жаңалықтар