Наталья Слекишина сот үкіміне риза екенін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотында түрмедегі Наталья Слекишинаның ісіне қатысты айыпталушыға үкім шықты. Айыпталушы Руслан Хакімов сот үкімімен мүлкі тәркілене отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім жария етілгеннен кейін Наталья Слекишина журналистерге сот үкіміне риза болғанын айтты. 

«Сот үкіміне ризамын. Біз қалғандарын да жауапқа тартқызамыз. Мені адвокаттан бас тартуға мәжбүрледі. Маған ҚАЖ басшысы, оның аты Манас, сол қоқан-лоққы жасады, сосын ТИ-18 басшысы Ермек Омарбеков пен тергеу изоляторының қызметкері Жанна Мұқашева адвокаттан бас тартуға мәжбүрледі», - деді Слекишина.

Наталья Слекишинаның айтуынша, енді ол Хакімовтан қызына алимент төлеттіру жағын қолға алмақ.

Айта кетейік бүгін, сот үкімімен ЛА-155/18 Қылмыстық атқару жүйесі тергеу абақтысының бұрынғы қызметкері Руслан Хакімов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Басты күдікті Руслан Хәкімовке ҚР Қылмыстық Кодексінің 362-ші бабы 4-ші тармағының 1-ші бөлігі (қызмет бабын асыра пайдалану) және 120-шы бабы 2-ші тармағының (зорлау) 4-ші бөлігінде (әлденеше рет) қарастырылған құқық бұзушылықтарды жасаған деген айып тағылған.

Еске сала кетейік, сотталушы Наталья Слекишина биыл шілде айының басында қамауда зорланғанын, содан жүкті болып, бала тапқандығын жария еткен болатын. Оның айтуынша, түрме басшылығы алғашында зорлау туралы істі жасырмақ болған. Алайда, сараптама қылмыстық іске қатыстылардың бірінің нәрестенің әкесі екенін растады.

Зорлау оқиғасы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ЛА-155/18 мемлекеттік мекемесінің тергеу абақтысында болған. Наталья Слекишинаның айтуынша, оны осы мекеменің төрт қызметкері зорлаған. 

Соңғы жаңалықтар