NASA Жердің Florence астероидына жақындаған кездегі видеосын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA америкалық ғарыш агенттігі Жерге ең ірі астероидтың қалай жақындап келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды newsday24.ru.

Көлемі 4,4 километр болатын Florence астеройды жеті миллион километр қашықтықта ұшып келе жатыр. Болжаммен бұл оқиға 2017 жылдың 1 қыркүйегінде болады.

Ғалымдар оның ешқандай қауіп келтірмейтіндігіне сендіруде.

Тарихта Жерге одан да жақын ұшқан астероидтар бақыланған, алайда олардың көлемі айтарлықтай кішкентай болған.

Florence келесі жолы біздің ғаламшарымызға 500 жылдан кейін жақындайды.

Соңғы жаңалықтар