NASA Сатурнның сақинасы арасынан түсірілген Жердің суретін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Cassini зонды Сатурнның сақинасы арасынан түсірілген Жердің суретін жіберді. Сурет ақ-қара түсті, дегемен мұнда Жерді көру үшін анықтап қарау керек.

Сондай-ақ, NASA-ның зонды мен Жердің ара қашықтығы - 1,4 млрд шақырым екенін де ескерген жөн.  

Фото бір апта бұрын түсірілген. Зондтың оптикасы бұдан да жетілдірілген болса, көрермен кескінде Атлант мұхитының оңтүстік бөлігі бейнеленгенін анық көрер еді. Cassini суретке түсірген кезде, Жердің дәл осы бөлігіне сәйкес келген. Ал суретті үлкейткенде, Жердің қасында оның серігі - Айды көруге болады. 

 

Соңғы жаңалықтар