Нарықта қаржылық жағынан орнықты банктер жұмыс істеуі тиіс - Олег Смоляков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары О. Смоляков «Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» арнайы жобасы шеңберінде «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында банктер активтерінің сапасын кешенді бағалау 2017 жылы бағалауды бірдей мәнге келтіру үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүргізілетінін айтып берді.

«Бағалаудың объективтілігін және оған деген сенімді қамтамасыз ету үшін басқа елдердің орталық банктері тәуелсіз сарапшыларды тартты. Мұндай тәсілді біз де қолданамыз. Банк секторы активтерінің сапасын бағалауды тәуелсіз сыртқы консультант халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген әдістеме бойынша жүргізетін болады» - деп  мәлімдеді О. Смоляков.

Ол, Мемлекет басшысының 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке қаржы секторын «жаңғыртуды» жүзеге асыру жөніндегі міндетті шешу шеңберінде банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырғандығын еске  салды. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің алдына екінші деңгейдегі банктердің балансын «тиімсіз кредиттерден» арылту жөніндегі жұмысты жеделдету және қажет болған кезде - акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталдандыруды қамтамасыз ету жөніндегі міндет қойылды.

«Активтердің сапасын бағалау және стресс-тестілеу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша анықталған проблемалардың ауқымына қарай тиісті шаралар қабылданады.  Оларда, бірінші кезекте, банктің орнықтылығын арттыру үшін банкті оның акционерлері тарапынан үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптар қамтылады. Сондай-ақ шараларда проблемалық банктерді қалыпқа келтіру және реттеу рәсімдері қамтылады», - деді О. Смоляков. Сондықтан, оның айтуынша Ұлттық Банктің стресс-тест жүргізу бойынша іс-қимылдары проблемалық банктерді тиімді қалыпқа келтіру және реттеу үшін құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауды және банктердің проблемаларын банк жүйесіне деген сенімді жоғалтпай жедел шешуді қамтамасыз ететін неғұрлым және ең аз мемлекеттік шығыстары бар қауіпсіз тәсілдерді болжайды.

«Ұлттық Банк жалпы алғанда, нарықта тек күшті және қаржылық тұрғыдан орнықты, реттеушінің талаптарын орындауға және банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын бұзбайтын қызметін жүзеге асыруға қабілетті банктер жұмыс істеуге тиіс болатын ұстанымды қолдайды. Әлсіз банктер нарықтан кетуге тиіс, - деп санайды Ұлттық Банк төрағасының орынбасары.  - Банктік қызметтер нарығында қалуға ниетті банктер елдегі және әлемдегі экономикалық ахуалдың және Қазақстанның банк секторы алдында тұрған сын-қатердің өзгеруі жағдайында тиісті шараларды қабылдауға - бірігуге немесе үстеме капиталдануға тиіс. Бұл ретте Ұлттық Банк банктердің бүкіл банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бастамаларды ғана қолдайды.  Таңдалған тәсіл ағымдағы халықаралық практикаға сәйкес келеді және жақында болған кездесулердің және экономика мен банк секторының жай-күйі мәселелері бойынша талқылаулар барысында ХВҚ-дан оң пікірлер алды».

Соңғы жаңалықтар