Нақтыланған бюджетте бекітілген теңге бағамын өзгертуге негіз жоқ - Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Үш жылдық нақтыланған бюджетте бекітілген теңге бағамын өзгертуге еш негіз жоқ. Бұл туралы Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» ҚР заңының жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге теңге бағамының қалыптасуы нарықтық жолдармен орын алады. Оған Ұлттық банк жауапты. Бірақ, қалай дегенде де олардың ақпаратына сәйкес интервенция жасалмайды. Сондықтан бағам қалыптасуы еркін. Сол себепті валюталық міндеттемелер мен кірістердің есеп-қисабы үшін біз 340 теңге аламыз. Орташа жылдық бағамды, қазірдің өзінде шамамен 319-320 теңгемен үш айды өткізгенімізді ескерер болсақ, қазіргі сәтте біздің есеп айырысу бағамын қайта қарастыруға негіз көріп отырғанымыз жоқ. Бұл баға белгілеу ұзақмерзімді сипатқа ие. Бұған дейінде айтқанымдай, бұл негізінен Ресейдегі құбылмалыққа қандай да бір психологиялық реакциядан туындап отыр», - деді Тимур Сүлейменов депутаттардың сауалына орай.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов KASE биржасындағы теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар