Нью-Йоркте дрон әскери тікұшаққа соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте UH-60 Black Hawk тікұшағы әуесқой дронмен соқтығысып,  соның салдарынан фюзеляжы мен екі винті зақымданды, деп хабарлайды Military.com.

Ұшқыш Нью-Джерси әуежайына апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болды.

Тікұшақ БҰҰ Бас ассамблеясының отырысы өткен кезде қаланың үстінен бақылау жүргізген. Оқиға 21 қыркүйек күні болғанымен ол туралы ақпарат енді ғана жарияланды.

Нью-Йорктің көп бөлігінде әуесқой дрондарды ұшыруға тыйым салынған. Зақымданған пилотсыз дронның қайда құлағаны белгісіз. Оның бөлшектері кейін табылған.

Military.com хабарлауынша, оқиғаны тергеумен АҚШ Көлік қауіпсіздігі ұлттық комитеті айналысып жатыр. Дронның операторын жауап алынды. 

Соңғы жаңалықтар