Нью-Йорк орталығында жүйіткіген көлік адамдарды басып өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 мамыр күні Нью-Йорк орталығындағы Таймс-Сквер алаңында жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлік жаяу жүргіншілерді басып өтті.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлауда.


Оқиғаның куәсі болғандар Twitter-де суреттерді орналастыруда. Олардан бір бүйіріне аударылған көліктің түтіндеп жатқанын, дүрліккен халық пен полицейлерді, зардап шеккен адамдарды көруге болады.

Metro-ның хабарлауынша, бірнеше адам жарақат алған, медицина қызметкерлері оларға көмек көрсетуде. Өз кезегінде Reuters кем дегенде бір адамның ажал құшқанын жазуда. Агенттіктің зардап шеккендерге сілтеме жасап мәлімдеуінше, көлік адамдарды қасақана басқан. 



Соңғы жаңалықтар