Нью-Джерсидегі пойыз апатында бір адам көз жұмып, 100-ден астамы жарақаттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін америкалық Нью-Джерси штатында жолаушылар пойызының апаты орын алды.

Штат губернаторының айтуынша, оқиға салдарынан бір адам қаза болып, 108-і түрлі жарақаттар алды. Оның 74-і ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлауда.

Бұған дейін жергілікті БАҚ аталмыш апатта үш адамның мерт болғанын жазған еді.

Бейсенбі күні таңертең Нью-Йорктен шамамен 11 шақырым жерде орналасқан Хобокен стансысында пойыз платформаға соғылды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, пойыз буферлі тежеуіштің жанына тоқтамай, қозғалысын жалғастыра отыра ғимараттың күту залына бірақ кірген. Салдарынан шатырдың бір бөлігі опырылып құлады.

Қазіргі уақытта стансыда теміржол қозғалысы толығымен тоқтатылды. Губернатор Крис Кристидің айтуынша, қозғалыс жақын уақытта жанданады. Апат салдары анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар