Н.Назарбаев шетелдегі қандастарымызды үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару ісіне қатысуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелде тұратын қандастарымызды ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару ісіне белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарлама аясында гуманитарлық бағыттағы ең үздік 100  оқулық қазақ тілінде шығарылатындығын атап өтті. Бұл қазақстандықтар үшін ғана емес бүкіл дүниежүзіндегі қазақтары үшін маңызды жоба екендігін баса айтты.

"Рухани құндылықтарды, гуманитарлық білімдерді, оқулықтарды, шет тілдерінен, ағылшыннан орысшаға, орыс тілінен қазақшаға аударғанша 10-15 жыл өтеді.  Сондықтан біз ең керекті 100 оқулықты шығару мәселесін алдымызға қойып отырмыз. Енді қандастарымыз қай елде тұрғанына қарамастан дүниедегі ең таңдаулы біліммен ана тілінде сусындайтын болады деп есептейміз", - деді Президент.

Елбасы бүгінгі Құрылтайға әр түрлі тілде сөйлейтін, қазіргі заманға  сай терең білімді жастар отырғанын атап өтті.

"Сіздерді күллі қазақтың өрісін кеңейтіп, деңгейін көтеретін осы жобаға белсене қатысуға шақырамын", - Н. Назарбаев.

11 

9 

10 

13 

Соңғы жаңалықтар