Мюнхенде белгісіз біреу бірнеше адамды пышақтап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пышақпен қаруланған адам Мюнхендегі тарихи орталыққа жақын орналасқан Розенхаймерплац алаңында өтіп бара жатқандарға шабуыл жасады, деп жазды жергілікті полиция Твиттердегі парақшасында.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірнеше адамның пышақ жарақатын алғанын анықтады. Шабуыл жасаушының кім екені белгісіз, қазіргі уақытта іздестіріліп жатыр.

Полиция қала тұрғындарына үйлерінен шықпауға кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар