Мысырлықтар АҚШ долларын жаппай өткізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Мысырда ұлттық валюта - мысырлық фунттың нығая түсуіне байланысты  жергілікті тұрғындар банктер мен ақша айырбастау бекеттерінде долларларын жаппай сатып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Осы аптада азаматтар банкке күн сайын 50-60 миллион доллардан әкелу үстінде.

Бұдан да күрделі жағдай Мысырдың оңтүстік провинцияларында қалыптасып отыр. «Әл-Ахрам» газетінің хабарлауынша, онда америкалық валютадан тезірек құтылғысы келгендердің ұзын-сонар кезегі қалыптасты.

Мұнша көп адамның АҚШ долларынан бас тартуы оның одан сайын құлдырауына әкеп соқтыруда , ал сұраныс жоқтың қасы.

«Әл-Ахрам» газетінің деректеріне сүйенсек, долларды жинақтау валютасы ретінде пайдаланудан бас тартып жатқан азаматтардың саны күн санап өсуде.

Сонымен бірге, сарапшылар мысырлық фунттың өсуі Мысырдағы экономикалық жағдайдың тұрақталғанын білдірмейтінін айтып, асықпауға кеңес беруде. Мысыр экономикалық зерттеулер форумының басшысы Рашад Абдудің түсіндіруінше, жергілікті валюта бағамының өсуі экономика мен қаржы туралы жеткілікті біле бермейтін қарапайым азаматтардың  позитивті болжамдарынан болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар