Мысырдың солтүстігінде жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасы Каирге бет алған жолаушылар пойызы Минуфия провинциясы аумағында рельстен шығып кетті. Бұл туралы "Аль-Яум ас-Сабиа" газетінің электрондық нұсқасы хабарлады.

Қолда бар деректерге қарағанда, Танта қаласынан Каирге бара жатқан №548 жолаушылар пойызы Шибин-эль-Ком темір жол стансасына таяп қалған шақта рельстен шығып кеткен.

Оқыс оқиға болған шақта құрамадағы  қатты үрейленген жолаушылардың бірқатары вагон терезелерінен секірген.  

Оқиғаның себеп-салдары немесе зардап шеккендер туралы  деректер түскен жоқ, деп хабарлайды  ТАСС. 

Соңғы жаңалықтар