Мысырдың бұрынғы президенті Мүбәрак түрмеден босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак  алты жылдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлады Лента.ру.

«Ол Каирдегі Маади әскери госпиталінен шығып, үйіне қайтты», - деп хабарлады адвокаты Фарид Эль-Диб.

Мүбәрак 800 адамның өліміне алып келген халықтың жаппай наразылығы салдарынан отставкаға кеткен соң екі айдан кейін 2011 жылғы сәуірде тұтқындалған. 2012 жылы бұрынғы президент демонстранттарды өлтіруге қатысқаны үшін айыпты деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімі шыққан.

Осы жылғы 13 наурызда Мысырдың Бас прокуратурасы Кассациялық соттың үкімімен ақталуына байланысты адвокаттың Мүбәракты қамаудан босату туралы өтінішін мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар