Мысырда 600-ге жуық адам түрмеден шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр түрмелерінде жатқан 600-ге жуық адам президент рақымшылығымен ұлтық мереке -1952 жылғы 23 шілдеде жарияланған Төңкеріс күніне орай бостандыққа шықты.

Бұл туралы Египет Ішкі істер министрлігінің пенитенциарық мекемелерді бақылау жөніндегі басқармасының өкілі хабарлады.

Оның айтуынша, «Төңкеріс күніне орай рақымшылыққа түрмеде жатқан 596 адам іліккен.

Түрмедегі жазасын өтеу мерзімі бітуге таяп қалған 500-ге жуық мысырлық амнистияға сәйкес бостандыққа шығарылды.

Тағы 103 адам мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған, олар тұрғылықты жерінде полицияның қадағалауында болады.

Рақымшылыққа ауыр қылмыс жасағандар немесе террорлық топтармен байланысы болғандар ілікпейді.

Соңғы жаңалықтар