Мысыр бағасы рекордты арзан болатын көлік құрастырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысырдың көлік құрастырушы кәсіпорындары 2017 жылы толығымен Мысырда жасалған және рекордты төмен бағада болатын жаңа көлік моделін ұсынуға уәде етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Аль-Ахрам Эбдо" басылымына сілтеме жасап.

Көліктің техникалық сипаттамалары, көлемі және тіпті, атауы құпияда ұсталуда. Дегенмен, жаңа модель таныстырылатын күн белгіленіп қойған - 2017 жылдың 30 маусымы.

Маркетингілік зерттеулер 92 миллионнан астам халқы бар мемлекет үшін таза мысырлық автоны құрастыру қажеттілігі бұрыннан туындағанын айтуда.

Сарапшылардың пайымынша, көліктің бағасы расымен де, бәсекеден тыс болады. Себебі, 2016 жылдың соңында Мысыр дефолтты бастан өткерді. Жергілікті валюта - мысырлық фунт АҚШ долларымен салыстырғанда екі еседен астамға арзандады.

Бұған дейін мысырлық интернет-БАҚ-тар елде үндістандық Nano көлігінің клонын құрастыру ісі қолға алынатындығын хабарлаған болатын. Көлік арнайы ыстық климат үшін жасап шығарылған. Ол 30 шақырымға 1 литр бензин тұтынады, барынша жоғары жылдамдығы сағатына 90 шақырым.

 Фото:  © «РИА Новости» сайтынан

Соңғы жаңалықтар