Мысыр Африка елдері одағы кеңесінің төрағасы болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аддис Абебада өткен Африка елдері одағына қатысушы мемлекет басшыларының саммитінде Мысыр бірауыздан 2019 жылға Африка елдері одағының төрағасы болып сайланды.   

Бұл туралы Египет президенті кеңсесінің өкілі Бассам Ради мәлімдеді.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша,  Эфиопия астанасында Африка одағының жоғары деңгейдегі кезекті саммиті өтуде.  Саммит жұмысына Африка елдерінің мемлекет және үкімет басшылары қатысуда. Олардың ішінде Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси де бар.

Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Араб мемлекеттері Лигасының (АМЛ) Бас хатшысы Ахмед Абу Аль Гейт, сондай-ақ бірқатар халықаралық және аймақтық ұйымдардың жетекшілері қатысуда.

Кездесудің басты тақырыбы -  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Сонымен қатар мемлекет басшылары 2015 жылы қабылданған ұзақ мерзімді перспективадағы  экономикалық жоспарды жүзеге асыру жайын талқылайды. Инфроқұрылымдық реформаларды өткізу, африкалық еркін сауда аймағын құру, әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыру және басқа да өзекті мәселелер қарастырылатын болады.   

Соңғы жаңалықтар