Мырзатай Жолдасбеков латын әліпбиіне қатысты: Көп болып ақылдасқан істің түбі баянды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Латын әліпбиіне көшетін уақыт келді, деген пікір білдірді бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

«Алдымен қазақ тіліне негізделген латын әліпбиі Парламенттің төрінде талқыланды. Оны жұрт қолдады. Көп болып ақылдасқан істің түбі баянды. Дегенмен, оның да көптеген кемшілігі болған еді. Халық оны демократиялық үрдіспен кеңінен талқылады. Содан мамандар әліпбиді қайтадан қарады», - деді ол.

Мырзатай Жолдасбеков қазақ тілінің маманы болғанымен бұл іспен өмір бойы айналыспағандығын атап өтті. 

«Бұл әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек. Бұл мамандар шешетін мәселе... Елбасы  мүмкіндік жасап, халықпен талқылады. Нәтижесінде өткен жылдың қазанында бұл әліпби бекітілді. Дегенмен оның да кемшіліктері болды. Ноқаты көбейіп кетті. Тіпті кейде бір сөздің өзінде 7 ноқат пайда болды. Бұл мәселе талқыланды. Мамандар мәселеге араласып, кеше ғана Елбасының 2017 жылы 26 қазанда шыққан Жарлығына қосымша Жарлық жарияланды. Халқымыздың ұстанатын латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі пайда болды», - деді қоғам қайраткері.

Соңғы жаңалықтар