Мырзалинге Астана төңірегіндегі демалу орны таныстырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тәжірибелік оқ ату қауымдастығының басшысы Руслан Шәмкенов облыс әкіміне Астана төңірегіндегі демалу орнын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап.

«Бейбарыс» демалу аймағы Астана қаласынан Қарағанды бағытында 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Биылғы жазда елорда тұрғындары осы жерге барып, таза табиғат аясында демалуына болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Астана төңірегінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалу базасын құру жөнінде міндет қойып отыр. Көпшілік Бурабайға барып, демала алмайды. Ал, мында демалу орнына айналасы 15-20 минутта жетуге болады. Мен өзім осы базада болып, замануи стандарттарға сай жабдықталған қазіргі заманғы құралдарды көзбен көрдім. Шынымен де, «Бейбарыс» қалалықтардың демалатын сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Келешекте біз осы жерде халықаралық жарыстар өткізетін боламыз. Жалпы, осындай нысандар барлық жерде болуы тиіс», деп атап өтті Марат Иғали ҚазАқпарат тілшісіне.

Нысанда әскери техникалармен ойнау үшін бір гектар жер телімі бөлінген. Онда страйкзона - «CS De_Dust 2» жаңа полигоны бұл танымал CounterStrike ойыны картасының көшірмесі.

Ал жалпы демалу аймағына келетін болсақ, орманды алаңқай, қонақүй, мейрамхана кешені бар. Демалу аймағының жалпы көлемі 10 гектар жерді алып жатыр. Мұнда үлкендер мен балалардың да келіп демалуына болады. Оларға барлығы 30 түрлі қызмет ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар