Мырзахметов жаңа бағдарламаны әкімдерге өзі түсіндіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіманаптың айтуынша, министр Асқар Мырзахметов алдымен Қарағанды облысына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа бағдарламанын қабылданғанын бәрі біледі. Енді, вице-премьер - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Исабекұлы арнайы жұмыс тобын өзі бастап, барлық облыстарды аралап шықпақшы. Сол жерде әкімдерді жинап, жаңа бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіреді. Себебі миинстрлік мына жақтан қанша айтқанмен соның барлығын жергілікті билік іске асырады. Әкімдер кооперацияны және тағы басқа нақты механизмдерді түсініп алмай, ол жұмыс ары қарай жүрмейді. Наурыздың 1-і -сәрсенбі күні Асқар Исабекұлы алдымен Қарағанды облысына барады. Сонда барлық аудан мен ауыл әкімдерін жинап, түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Сөйтіп, барлық аймақтарды аралап шығуды жоспарлап отырмыз», - деді Жасұлан Әбдіманап ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай 1-2 наурыз күндері Премьер-Министрдің орынбасары -Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметовтың Ақтөбе және Павлодар облыстарына жұмыс сапарымен баратыны жайында мәлімдеді.

Жасұлан Әбдіманаптың айтуынша, Асқар Исабекұлының жұмыс кестесіне өзгерісте р енгізілді. Осыған байланысты министр алдыменҚарағанды облысына баратын болып жатыр.

Соңғы жаңалықтар