Мырзахметов Батыс Қазақстанда жұмыс сапарымен болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барып, сапар барысында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі  хабарлады.

 Батыс Қазақстан облысының әкімшілігінде АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ондағы міндеттемелерді орындау бойынша бекітілген индикаторлары мен шаралар жетістігі туралы жиналыс өткізілді. Мал шаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал дәрігерлік қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінді. Жиналысқа Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімшіліктерінің, агробизнестің, салалық одақтардың және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Мемлекеттің бағдарлама аясында биылғы жылы субсидияның 65 түрі қарастырылып, нәтижесінде 11 тиімсіз субсидияны алып тастап, 40 субсидияның өлшемдері өзгертілді. Ал 14-і еш өзгеріссіз қалды.
Мал шаруашылығында өлшемдерді өзгерту дәл сол қаржы шеңберінде субсидия алушылардың санын бір есеге арттырды. Егер бұрын сиыр малы бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, қазір ол 522-ге немесе 100%-ға артты; сүт бойынша 2 есе; қой малы бойынша 1,3 есе, тері бойынша 3,6 есе артты.

Сондай-ақ қойды субсидиялау одан гөрі тиімдірек қозымен алмастырылды.

Тері өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемені орындай алмауына байланысты тек жіңішке ғана емес, жартылай жіңішке жүн түрлерін субсидиялау қарастырылды.

Биылғы жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құстардың санының көбею үрдісі байқалды.

БҚО бойынша ет өндіру 3,1 %-ға артып, 19,9 мың тонна болды, сиыр сүті 0,5 %-ға дейін артып, 117,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы - 5,5 %-ға дейін артып, 80,6 млн дана болды.

Ақтөбе облысы бойынша да ет өндірісі 5,7 %-ға артып, 32,9 мың тонна, сиыр сүті 2,7 %-ға артып, 154,2 мың тонна, тауық жұмыртқасы - 6,0 %-ға артып, 87,1 млн. дана болды.

АӨК-ті дамытудың басым бағыттарының бірі - шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперацияларына біріктіру болып табылады.

Ауылшаруашылық кооператитерін құру бойынша жұмысты іске асыру мақсатында Министрлікте оларды «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сүт қабылдау және мал бордақылау пунктерін алғашқы жарнасыз лизингке беру арқылы алу сызбасы жасалды. Алғашқы жарна ретінде жалпы құннан 50% көлемінде бөлінген салым субсидиясын пайдалану қарастырылды.

2017 жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада жылдық жоспардағы 467 АШК-нің 517 АШК құрылған.

Анықтамалық: Батыс Қазақстан облысында жоспарланған 18 АШК-нің нақты тіркелгені 40 АШК, бұл жоспардан 2,2 есе артық.
Ақтөбе облысында биылғы жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 26 АШК-нің нақты тіркелгені 72 АШК немесе жоспардан 2,7 есе артық болды.

Жиналыс барысында аграрлық қайта өңдеуді дамыту мәселелері қарастырылды.

ҚР АШМ ағымдағы жағдайын, қуатын, бастау жылын, құрылғылар түрін, шығарылатын өнімнің жүктемесі мен көлемін қоса алғандағы өнімдерді ұқсату кәсіпорындарының мәліметтер базасын құрды.

Бүгінгі күнде құрылған мәліметтер бойынша республикада 1345 қайта өңдеу кәсіпорындары белсенді жұмыс жасап жатыр. Сүт, ет, тері, май және дақыл өнімдерін, тұқымдар мен көкөністер, қант қызылшасын және картопты қайта өңдейтін 435 кәсіпорынның ішінде өнімдерді ұқсатудың 9 басым түрі анықталды. Солар бойынша әр облысы, әр аудан бойынша аграрлық қайта өңдеу кәсіпорындарының нақты орналасу Картасы жасалды.

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бірінші жарты жылдықта республикада алдыңғы жылдармен салыстырғанда жануарлардың өте қауіпті ауруларының жалпы эпизоотикалық жағдайының жақсарғанын көруге болады. Бұл республикадағы ветеринарлық қызметтің әртүрлі тармақтарының өзара тиімді жұмыс істеуі арқасында орын алып отыр. Оның үстіне биылғы жылы қолданылатын шараларды күшейту және нақтылау, ең бастысы екпе және диагностикалық зерттеу мәселелері бойынша біріккен қадамдық әрекеттердің Жоспары жасалып және бекітілді.

Батыс Қазақстан облысында 2017-жылдың бірінші жарты жылында өте қауіпті ауыл шаруашылығы малының 4 (пастереллез және эмкара бойынша 2-ден) ошағы тіркелді. Бруцеллездің (Ірі қара мал арасында) 2 нашар пункті тіркелді. 227 сібір жарасы сырқатымен ауырған малды көму тіркелді, олардың ішінде 222-сі нақтыланды. Барлығы қоршалып, белгішелер қойылып және ол туралы мәліметтер МЖК ААЖ-ге енгізілді.

Ақтөбе облысында 2017-жылдың бірінші жарты жылдығында өте қауіпті ауыл шаруашылығы малының 6 (құтырудың 4 ошағы, пастереллез бен эмкарадың 1 ошағы) ошағы тіркелді. Бруцеллездің (Ірі қара мал арасында) 6 пункті тіркелді.

Жиналыс барысында вице-премьер фермерлердің барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде А.Мырзахметов Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне, «ПОШ Руно» ЖШС тері өңдеу кәсіпорнына барды.

Соңғы жаңалықтар