Мырзағали Айтжанов: Левит Савоннан жеңілген жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Гамбургте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальге ие болған Василий Левиттің соңғы кездесуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Василий Левиттың айқасы бойынша Олимпиададағы оқиға қайталанып жатыр. Кезінде Тищенкоға берілсе, бұл жолы Савонға жеңіс беріліп кетті. Негізі Савонмен кездесуде 1-раундтан тыс 2 және 3 раундта таза Левит жеңген болатын», - дейді Мырзағали Айтжанов.

Еске сала кетсек, кеше, яғни 31 тамызда 91 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғауға барған қазақстандық боксшы Василий Левит төрешілердің шешімімен кубалық Эрисланди Савоннан 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Савон ақтық бәсекеде ресейлік Тищенкомен қолға түйістіреді.

Соңғы жаңалықтар