Мырзағали Айтжанов: Индонезияда жалпыкомандалық 1-орын алуға тырысамыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа маусымға дайындығы мен алдағы жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Қаңтардың бесі оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Жиын қаңтардың 23-іне дейін жалғасады. Ақпаннан бастап халықаралық жарыстар басталады. Ал биылғы маусымның ең негізгі турнирі - Индонезияда өтетін Азия ойындары болмақ. Бұл жарыста жалпыкомандалық бірінші орын алуға тырысамыз. Басты қарсыластарымыз Өзбекстан құрамасы», - деп атап өтті Ұлттық құраманың бас бапкері

Оның атап өтуінше, оқу-жаттығу жиынына құраманың белді боксшылары қатысуда, олар Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Қайрат Ералиев және тағы басқалары.

«Тек қана Жәнібек Әлімханұлы келе алмады. Ол уақытша мансабын тоқтататынын айтты. Жалпы қазір бізде төрт құрама бар. Барлық боксшыларымызды жарыстарға алып барып, арасынан ең мықтыларын Азия ойындарына қатыстырамыз. Индонезияға тек жүлдеге таласатын боксшылар ғана барады», - деді Мырзағали Айтжанов.

Соңғы жаңалықтар