Мырзағали Айтжанов әлем біріншілігіне баратын боксшыларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алатау бөктерінде тамыз айында Гамбургте өтетін әлем чемпионатына дайындық мақсатындағы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Қазақпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

null 

Мырзағал Құланұлы, Гамбургте өтетін әлем чемпионаты жақындап келеді. Боксшылардың дайындығы қалай?

- Жаман емес. Қазір боксшылар Алатау бөктерінде қызу дайындық үстінде. Негізінен жоспарға алған барлық жаттығуымызды аяқтап қалды. Тауға жүгіру, тас лақтыру сияқты күш жинайтын негізгі оқу-жаттығу өз мәресіне жетіп қалды.

- Әлем біріншілігіне тас-түйін дайынбыз деуге болады ғой...

- Әрине, дайынбыз. Тамыздың екісі күні таудан түсеміз. Осы апта боксшылар үшін ең ауыр апта болып саналады. Барлық күш-жігерін сарқып, дайындықтың ең қиын сәттерін орындап жатыр.

- Бұйырса әлем біріншілігінде кімдерге үміт артып отырсыз?

- Он салмақ бойынша 10 боксшымды алып барамын. 49 келіде Ержан Жомарт, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұлов, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаевтан үміт күтіп отырмын.

- Жоспар бойынша қанша медаль алуды көздеп отырсыздар?

- Кемі төрт медаль. Бұл қазіргі жоспарымыз. Егер біріншілік біз ойлағандай әділ өтсе, төрешілер көз-қысты, бармақ басты әрекеттерге бармаса, одан да көп медаль алуға тырысамыз.

- Әңгімеңізге рахмет! Сәттілік жолдас болсын...

null null 





Соңғы жаңалықтар