Мырза Еркенбеков: Хамитов, Головкин емес спорттан сен кетуің керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Генаға бокстан кету керек деген» танымал спортшы Қуат Хамитовты Панкратионнан әлем чемпионы Мырза Еркенбеков жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізде болса, 19 наурыз күні Геннадий Головкин Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гардэн» аренасында америкалық Дэниел Джейкобспен кезекті айқасын өткізіп, қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңген болатын .

Осы жекпе-жектен кейін аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов өзінің әлеуметтік желісінде «Жеңіс құтты болсын! Бірақ раундтар бойынша есеп Джейкосбтың пайдасына - 5:7. Нокдаун бар. Минимум бұл тең нәтиже болуы керек. Міне, осы себепті біз Головкин - Уорд жекпе-жегін көре алмаймыз. Генаға бокстан кету керек. Жасы келді», - деп жазды.

Осы жазбадан кейін Панкратионнан әлем чемпионы Мырза Еркенбеков өзінің Инстаграм парақшасында «Найманға» қарсы жауап жазды.

«Қуат Хамитов сен менен қашқақтай бермей жекпе-жекке шық. Геннадий Головкиннің жеңісі бүкіл қазаққа ортақ.  Менімен жекпе-жекке шықпасаң Головкин емес «сен» спорттан кетуің керек», - деп жазды Мырза Еркенбеков.

Соңғы жаңалықтар