Мұxамедиұлы Бурабайды Лас-Вегасқа айналдырудың жолын ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы Бурабай курортында әлемдік маңызы бар шараларды өткізуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, Бурабайда әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар жоқ. Негізі, қазіргі кезде ауқымды қоғамдық шаралар арқылы туристерді көптеп тарту тәжірибесі кеңінен тараған. Мәселен, әлемдік ойын-сауық орталығына айналған Лас-Вегаста миллиардтаған туристерді мәдени шаралар арқылы тартады. Лос-Анжелесте орналасқан «Мемориал Колизеум» стадионында екі бірдей Олимпиада өтті. Бұдан бөлек, әлемге танымал жұлдыздардың концерттері өтіп тұрады. Сол сияқты Торонто қаласындағы Эйр Канада орталығында жыл сайын 200-ден астам шара ұйымдастырылады. Соның арқасында он жылдың ішінде 2,5 млрд доллар пайда түсті. Біздегі  «Бурабай Конгресс орталығы» тура сондай көпфункционалды мәдени-сауық орталығына айналады деген сенім бар. Ол жерде әлемдік маңызы бар шараларды өткізуге барлық жағдай жасалады», - деді А.Мұxамедиұлы бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелеріне арналған жиында.

Министрдің айтуынша, Бурабайда xалықаралық шараларды өткізу арқылы туристерді көптеп тартуға болады.

«Биыл жазда алғаш рет Халықаралық балалар фестивалін өткізейін деп жатырмыз. Ондай шаралар Испания, Түркия және тағы басқа мемлекеттерде жиі ұйымдастырылады. Неге десеңіз, бір баламен бірге міндетті түрде бес-алты адам келеді. Ол - әке-шешесі, ұстазы, достары және тағысын тағылар. Осылайша, ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар. Сол себепті биылғы фестивальді Астанамен қатар Бурабайда өткізгенді жөн көрдік», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар