Мұрат Жұманбай «Азаматтарға арналған үкімет» МК департамент басшылығына тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов ұжымға Қоғаммен байланыс департаментінің жаңа басшысы Мұрат Жұманбайды таныстырды.

Оспановтың айтуынша, қазір мемлекеттік қызметтердің 80% «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ, корпорация мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін жеңілдету, әрі оларды цифрлық нұсқаға өткізу бойынша қарқынды жұмыстар атқарып жатыр.

«Азаматтарды олардың мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдететін жұмысымыздағы жаңашылдықтар туралы дер кезінде құлағдар ету үшін дәстүрлі БАҚ пен заманауи медианың мүмкіндігін тиімді қолдану аса маңызды»,- деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басшысы.

Ол Қоғаммен байланыс департаменті мен оның жаңа басшысына Корпорацияның, сондай-ақ жергілікті бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты халыққа жедел және дұрыс жеткізу жүйесін жетілдіруді тапсырды.

Мұрат Жұманбай бес жылдан астам уақыт Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің баспасөз орталығын басқарды. Екі жылдай ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі болды әрі палатаның баспасөз қызметіне жетекшілік етті.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі, кейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесші болды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар