Мұнайлыда «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік қарсаңында Мұнайлы ауданында «Керуен» ауыз су өңдеу цехы іске қосылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қыметі.

Кәсіпорын 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тәулігіне 2500 дана бөтелкеленген ауыз су шығаруға мүмкіндігі бар. Жалпы аумағы 800 шаршы метр болатын нысан 105 млн. теңгеге салынған.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы» деп  айтқандай, бүгінгі ашылғалы тұрған нысан озық технологиямен, нарықта  бәсекеге қабілетті тауар өндіретіндігіне сенімдімін», - деді ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

null 

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында экзотикалық құстар өсірумен айналысатын ферма бар. Шаруашылық иесі ет-жұмыртқа өнімдерін шығарып, сирек кездесетін түйеқұс, қаз, үйрек, күркетауық, қырғауыл, бөдене, мысыр тауығы (цесарка) және тауыс (павлин) бағады. Мұнда жалпы саны 4350-дей  құс бар. 6 га аумақты алатын нысанға 123 миллион теңге қаражат жұмсалған. Фермада 20 адам жұмыс істейді. Аймақ басшысы аталған кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып, шаруа иесінің кәсібіне сәттілік тіледі.

Аудандағы бүгін есігін айқара ашқан балабақшаның бірі - 63 орындық «Алтын бесік» жекеменшік балабақшасы. Кәсіпкер бөбекжай құрылысына 70 миллион теңге жұмсапты. Мекеме 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

null 

Соңғы жаңалықтар