Мұнайлыда 5 мектеп салынатын болды - Маңғыстау облысы

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапары барысында «Schlumberger Logelco inc» мұнай сервистік компаниясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Өндірістік база аймақтың мұнай өндіруші компанияларына мұнай барлау, бұрғылау, геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізу қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда компанияның жергілікті бөлімінде 327 қызметкер жұмыс істейді. Компания қызметкерлері облыс әкіміне мамандар даярлауда кездесетін бірнеше мәселелерді көтерді. Осыған орай Ералы Тоғжанов кәсіптік мектептердің басшыларымен осы компания негізінде бірыңғай кәсіптік училищесін құру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Қызылтөбе ауылындағы 75 орындық «Мың ғасыр» жекеменшік балабақшасының жұмысымен танысты. Аталмыш балабақшаның ашылғанына 2 ай. Бүгінде19 адамды жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі жаңа әлеуметтік маңызы бар нысанның ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта оның ауласының аумағын кеңейту қажет екенін айтты.

Аймақ басшысының жұмыс сапары №6 орта мектебінде жалғасты. Аталмыш білім ошағында 3 210 оқушы мен 321 қызметкер бар. Мектеп үш ауысым бойынша білім береді. Ералы Тоғжанов бұл мәселенің оңтайлы жолдарын қарастырып, түпкілікті шешуді тапсырды. Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев өңір басшысының  хаттамалық тапсырмасы бойынша Басқұдық ауылындағы  600 орындық мектептің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылы пайдаланылуға берілетіндігін айтты. Сондай-ақ, биыл тағы 5 мектептің құрылысы басталмақ. Сол арқылы аудандағы үш ауысымды оқыту жүйесін реттеуді көздейді.Сол арқылы аудандағы үш ауысымды оқыту жүйесін реттеуді көздейді.

Кездесу соңында облыс әкімі мектептегі жас спортшылармен кездесіп, олардың жетістіктеріне куә болды. 

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов  «Эмир ойл» және «Шұғыла» ЖШС мұнай және жанар-жағармай сақтау базасының жұмысын көрді. Бұл - мұнай өнімдерін алуға, сақтауға және таратуға арналған резервуарлық фермасы және ғимараттар, құрылыстар мен байланыс кешені бар кәсіпорын. ҚазТрансГазға 150 мың тонна ілеспе газ сатады. Ақсаз аймағында зауыттың құрылысы аяқталғаннан кейін шамамен күнделікті 600 м3 өңделген газ алу мүмкін болмақ.  Бұл өңірдегі газ тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Облыс әкімі  бұл жөнінде толық зерттеп, есеп беруді тапсырды.

 Сонымен қатар аймақ басшысы Баянды ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау полигонына барды. Заңды тұлғалар үшін қалдықтарды қабылдау құны 1 текше метрге - 559 теңге, жеке тұлғалар үшін 194 теңге. Ералы Тоғжанов полигонның қалдықтарды жинау жұмыстарына дайындығы, қоқыс өңдеу бойынша инвесторларды тарту туралы есеп дайындауды тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданының активтерімен және ақсақалдарымен кездесті. Онда шағын және орта бизнестің дамуы, Қызылтөбе ауылын сумен қамтамасыз ету, жол және тағы басқа бірқатар мәселелер көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар