Мұнайдың әлемдік бағасы тағы көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,23 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 69,38 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,24 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 63,97 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар