Мұнайдың әлемдік бағасы біршама арзандады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы жұма күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда нәтижесіне сәйкес, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 2,02 долларға түсіп, 62,79 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,95 долларға арзандап, 59,2 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар