Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,05 долларға дейін қымбаттап, бір баррелі үшін 69,47 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айында жеткізілетін фьючерстері 1,63 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 65,17 долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар