Мұнайдың әлемдік бағалары айтарлықтай өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнай бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында мамырда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 1,37 долларға дейін қымбаттап, 67,42 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың сәуір айындағы фьючерстері бір баррельге 1,34 долларға өсіп, 63,4 доллар болды.

Соңғы жаңалықтар