Мұнай теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Альпари» компаниясының аға сарапшысы Анна Бодрованың есептеуінше, мұнай теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада қазақстандық теңге АҚШ долларына шаққандағы ауытқушылығы өте қарқынды болды. Бес сауда күнінің қорытындысы бойынша, 13 қаңтардағы қорытындысында теңге 0,5 пайызға төмендеді. АҚШ долларының дүйсенбі, 16 қаңтардағы бағамы 333,02 теңгені құрады. Доллар/теңге жұбында мұнай нарығындағы ауытқулардың әсерінен волатильділік байқалуда», - деп атап өтті ол. 

Оның сөзі бойынша, алдағы апта да теңге үшін аса белсенді болмақ - инвесторлар ОПЕК арнайы комитетінің отырысын күтуде. Жаңалықтардың қарсаңында, нарыққа түрлі қауесеттер мен болжамдар әсер етеді. Солтүстікамерикалық Brent маркалы мұнай құны дүйсенбіде $55,42 (-0,05%) құрады. Қаңтардың үшінші аптасында шикізат бағасы $54,45-56,50 аралығында болады, деп есептейді Анна Бодрова.

«Теңге, өзге де шикізаттық валюта ретінде, энерготасымалдағыштардың қазіргі құнына байланысты және мұнай өндіруші мемлекеттердің қара алтынның тәуліктік өндірісін төмендетуге қатысты келіссөздеріне орай өзін біршама тұрақты сезінеді. Жаңа аптаға қатысты болжам да тұрақты. Доллар 332-334 теңге аралығында, еуро 352,80-355,0 теңге шеңберінде саудаланады деп болжануда», - деп түйді сөзін А.Бодрова. 

Соңғы жаңалықтар