Мұнай өндірісін төмендету бойынша ОПЕК келісімі ұзартылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Венада Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен картельге енбейтін мемлекеттер министрлерінің үшінші кездесуіне қатысуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, 2017 жылдың 30 қарашасында Австрия астанасы Вена қаласында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы ОПЕК пен картельге енбейтін мемлекеттер министрлерінің үшінші кездесуіне қатысады.

«Аталған кездесу барысында 2016 жылдың желтоқсан айы мен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында бекітілген мұнай өндірісін төмендету бойынша Келісімді одан әрі ұзарту мүмкіндігін талқылау жоспарланған. Қазақстан Келісімге қосыла отырып, мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін төмендету міндеттемесін алған болатын. 2017 жылдың мамыр айында екінші министрлік кездесуінде Келісімнің мерзімі 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар