Мұнай бойынша жасалған келісім бағаны тек уақытша тұрақтандырады - ХВҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдері мұнай экспорттаушы елдердің әлемдік нарыққа шығарылатын мұнай экспортын шектеу жөніндегі келісімі бағаны белгілі бір уақыт аралығында ғана ұстап тұрып, сланцілі газдың өндірілуіне орай жағдай қайта өзгеріске ұшырайтындығын айтады. Мұндай пікірді қордың ресми өкілі Джерри Райс білдірді деп хабарлайды ТАСС.

«Біздің ойымызша, мұнай экспортын шектеу тәсілі мұнай өндіруші елдерге біршама уақытқа дейін пайдасын тигізуі мүмкін. Өйткені Сауд Арабиясы мен Ресейдің мамыр айының ортасында келісімді ұзарту жөнінде жасаған келісімінен кейін мұнайға деген баға бірден көтеріліп кетті»,-деді жоғары лауазымды маман.

«Орта мерзімді перспективада АҚШ-тағы сланцілі газды өндірушілер ОПЕК тарапынан қысқартылған өнімнің орнын жабады»,-де жалғастарды Райс.

ХВҚ өкілінің сөзінше, қордың мұнай бағасы бойынша болжамдарының өзі әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен болашақ перспективаларына байланысты сараптамалық баяндаманың жаңартылуына орай қайта қаралатын болады. Жаңартылған жаңа жарияланым шілдеде тарайды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында ОПЕК пен мұнай өндіруші 11 тәуелсіз мемлекет 2017 жылдың 1-ші жартысында мұнай нарығынан тәулігіне 1,8 млн баррель мұнайды қысқарту жөнінде келісімге келді. 25 мамыр күні Венада ОПЕК елдері мен оған кірмейтін мемлекеттер бірігіп, келісімді алдағы 9 айға ұзарту жөнінде келісті.

Соңғы жаңалықтар