Мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,2 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 63,4 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,67 долларға көтеріліп, бір баррель үшін  57,36  доллар болды.

Соңғы жаңалықтар