Мұнай бағасы 80 долларға дейін қымбаттауы мүмкін - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Альпари» форекс-компаниясының аға сарапшысы Роман Ткачук мұнай бағасының өсуіне қарамастан, оның болашағы бұлыңғыр екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, кеше Brent маркалы мұнайдың бағасы соңғы үш жылда алғаш рет 70 доллардан асты. Соңғы рет мұнайдың осы сұрпының барреліне 70 доллардан жоғары баға 2014 жылдың 4 желтоқсанында тіркелген. Роман Ткачук мұнай бағасының өсіміне доллардың әлсіреуі, Қытайдың мұнай импортын арттыруы және АҚШ Энергетика министрлігінің апта ішіндегі мұнай өндірісіндегі қордың төмендеуі туралы ақпараты әсер еткенін атап өтті. Қазіргі уақытта Brent шамамен 69,2 долларға саудаланып жатыр.

«Мұнай бағасының өсу үрдісі 2017 жылдың шілде айынан бері жалғасып келеді. Біздің болжауымызша, жақын арада баға 72 доллар көлемінде өсуі мүмкін. Brent 75-80 долларға дейін қымбаттауы мүмкін, бірақ мұндай көрсеткіштер жергілікті аумақта ғана болуы мүмкін. Тақтатас мұнайы революция қара алтын нарығындағы ахуалды едәуір өзгертті - көптеген елдер (АҚШ, Бразилия және т.б.) мұнай өндіруді үйренді. Қазір қара алтын жекелеген елдер ғана өндіретін бірегей тауар болмай қалды», - дейді сарапшы. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұнай бағасы неғұрлым қымбаттаса, екінші жартыжылдықта соғұрлым арзандайды.

АҚШ-та тақтатас мұнайын өндіру қарқынды жүріп жатыр. Бірақ мамыр айында РОПЕК өндіріске квотаны қысқарту бойынша келісімді ұзартпай қою қаупі бар. Оған дейін осы саладағы негізгі ойыншылар үшін келісімнің маңызы жоғалады - Ресейде президенттік сайлау өтеді, Сауд Арабиясы IPO Saudi Aramco өткізеді. Егер мұнай бағасы қымбат болса келіссөздер  тығырыққа тірелетін болады», - деп болжайды Роман Ткачук.

Соңғы жаңалықтар