Мүлкі су астында қалған семейліктерден өтініш қабылдау басталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтардың мүлкін қалпына келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Тұрғындардың өтініштерін қабылдау 3 ауданда құрылған штабта жүргізіллуде. Атап айтқанда, Бобровка саяжайы - № 44 мектеп, Пристань ауданы - №18 мектеп, Мирный кенті - №2 мектепте.

Сонымен қатар, қазір су тасқынынан зардап шеккен Мирный кенті, Бобровка саяжайы мен Пристань ауданының тұрғындарына «Нұр Отан» партиясының филиалына жиналған азық-түлік таратылып жатыр.

Қазіргі кезде баспаналарына оралған тұрғындар көмір, ағашпен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі күнге дейін 40 тонна қатты отын таратылған. Ал №№ 2,18, 29,44,39 мектептер осы аудандардағы оқушылардың ата-аналарына қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын беретін болды.

«Кешеден бері тұрғындарға көмір, тамақ, киім-кешек жеткізіліп жатыр. Барлық жағынан қолдау көрсетілуде. Бүгіннен бастап мүлкін қалпына  келтіруге байланысты өтініштерді қабылдау басталды. Қазір арнайы комиссия жұмыс жүргізуде. Барлығын есептеп болған соң арнайы көмек беріледі»,- деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел штабы ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев. 

Сондай-ақ, Түйемойнақ аралындағы биологиялық орталықта және Пристань ауданын апаттан кейін үйіліп қалған қоқыс қалдықтарынан тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс жоғары оқу орындар мен колледж студенттерінің көмегімен  жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар