Мұхтар Алтынбаев Қарағанды облысының Құрметті азаматы атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет және әскери қайраткер, Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев "Қарағанды облысының Құрметті азаматы" атанды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мұхтар Алтынбаевқа бұл атақты беру туралы шешім  облыстық мәслихаттың ХІІІ кезекті сессиясында  қабылданды. 

Осыған дейін облыс әкімдігіне Ұлытау ауданы әкімдігінің аппараты және «Астана» Аймақтық қолбасшылығы армия генералына құрметті азаматы атағын тағайындау өтінішімен шыққан болатын.
null
Сондай-ақ Ардагерлер қоғамдық ұйымының Қарағанды облыстық филиалы Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің толық кавалері Камали Дүйсембековті осы атаққа ұсыну туралы өтініш жасады. Шешім бірауыздан мақұлданды.  

Соңғы жаңалықтар