Мүфтият Павлодар облысының бас имамын ауыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Оразбен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен Павлодар облысының бас имамы Нариман қажының басқа жұмысқа ауысатыны анықталды.

«Нариман қажы Мәшһүр Жүсіп мешітінде 7 жыл қызмет атқарған, ал қазіргі уақытта оны Астанаға бас имамның орынбасары лауазымына шақырдық. Оның орнына белгілі теолог, өңірді жан-жақты білетін азамат Жолдас қажыны тағайындап отырмыз», - деді еліміздің Бас мүфтиі.

Серікбай қажы Ораз бүгінгі таңда дін қызметкерлерінің басты міндеті діни ағымдардың өкілдерімен белсенді және сапалы жұмыс істеулері қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі дін қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсететініне уәде етті.

 

Соңғы жаңалықтар