Мосулды азат етуде ДАИШ-тың 16 мыңнан астам содырының көзі жойылды - Ирак өкілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак Республикасының ең ірі екі қаласының бірі саналатын - Мосул қаласының азат етілуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілі Юнус Сархан шайқас барысында террористік ұйымға келтірілген шығын туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әрине, террористер элементтері Ирак республикасында әлі күнге дейін бар. Бірақ, Мосулдағы жеңіс - Ирак Республикасы үшін ұлы жеңіс болып табылады. Мосулда террористер өзінің халифатын жария еткен болатын. Олардың қарамағында елдің солтүстігінде әлі екі қала бар. Сонымен қатар, жекелеген террористер Сахарада бой тасалады. Мұның бәрі Ирак әскерінің бақылауында. Олар терроризмнің түбіне жетпей тыным таппауды ұйғарды. Тағы да айтып өтерлігі Мосулдағы жеңіс - тек қана материалдық жеңіс қана емес, террористік элементтерге үлкен моральдік соққы», - дейді Юнус Сархан. 

Ирак Республикасының өкілінің айтуынша, содырлардың қолындағы екі қала Мосулдай үлкен емес және олардың маңызы төмен. Юнус Сархан ондағы содырлардың көзін жою Ирак үкіметі үшін көп уақыт алмайтынына сенімді.

«2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдың шілде айы аралығында Мосул үшін шайқаста 16 мыңнан астам лаңкестің көзі жойылды. 6 600-ден аса жарылғыш зат залалсыздандырылып, содырлар қолданған 45 жер асты жолы, террористер жиналатын 61 орын талқандалды. 47 дрон атып түсіріліп, ДАИШ қолбасшылығының 11 орталығы жойылды. Көшіп кетуге мәжбүр болған 111 мыңнан астам отбасы Мосулға қайта қоныс аударды», - дейді Юнус Сархан.

Айта кетерлігі, Мосул  халқының саны - 1,5 миллион. ДАИШ 2014 жылдың шілде айында аталған қаланы басып алған болатын. 2016 жылдың 24 наурызынан 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін Ирак үкіметінің армиясы Найнав мухафазасымен бірлесе отырып, ДАИШ содырларына қарсы Мосул үшін шайқас жүргізген. 2017 жылдың 23 қаңтарында үкіметтік әскер ДАИШ-тан қаланың шығыс бөлігін азат еткен. 2017 жылдың 19 ақпанынан бастап Мосулдың батыс бөлігі үшін қарулы кикілжің өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар