Монро Головкинге қарымта қайтармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы кіші Вилли Монро Boxingnewsonline.net-қа берген сұхбатында өткен жылғы жеңілісі үшін қазақстандық Геннадий Головкиннен реванш алғысы келетінін айтты.

«Рингте өз атыма лайықты болуым тиіс. Мені Мангуст деп тегіннен атамайды ғой: үнемі соққылар жасаймын және өзімді ұруға мүмкіндік бермеймін. Бірақ Головкинмен комментаторлар мен жанкүйерлер қалағандай айқастым. Ең қауіпті жігітпен жекпе-жекке шыққанда жеңіс туралы ғана емес, қалай шоу жасауға болатындығын да ойлауың керек. Менің қарсы соққыларым өте мықты. Жуырда рингке қайта ораламын. Сондероспен Головкиннен бұрын кездесемін деп ойлаймын, өйткені GGG-ге бұл белбеу қажет. Ал мен, маған екінші мүмкіндік берілгенін қалаймын», - деді Монро.

Еске салайық, Головкин мен кіші Монроның жекпе-жегі 2015 жылдың 16 маусымында өтті. Қазақстандық боксшы 6-раунда техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл туралы Sports.kz жазды.  

 

Соңғы жаңалықтар